Саясат

Жүздеген миллион адам қаза болуы мүмкін

Бұған не себеп болуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаһандық дайындық мониторингі Кеңесінің сарапшылар тобы (GPMB) патогеннің пайда болу қаупі бар деген қорытындыға келді. Бұл туралы Science Alert басылымы хабарлайды.

Бағалау бойынша, жаһандық індет 50-ден 80 миллионға дейін адамның өліміне себепші болып, экономикалық көрсеткіштердің бес пайызға төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Ғалымдар қазіргі заманғы өркениет аурудан туындаған ауқымды демократиялық, саяси және әлеуметтік дағдарысқа әзірше дайын емес деп санайды.

Зерттеушілер осы мәселені шешу үшін саяси көшбасшылар қабылдай алатын нақты әрекеттерді анықтады. Мысалы, халықаралық медициналық-санитарлық ережелерді толық көлемде жүзеге асыру, вакциналарды зерттеу мен әзірлеуді қаржыландыруды арттыру, сондай-ақ эпидемиялардың алдын алу жүйесін құру қажет.