Саясат
Трамп қысым көрсетті ме?
АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейіне байланысты Украинаға шамамен 400 миллион доллар көлемінде әскери көмек бөлуді уақытша тоқтатуды тапсырды. Бұл туралы The Washington Post басылымы үш жоғары лауазымды тұлғаға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Дональд Трамп бұйрықты Ақ үй аппараттары басшысының міндетін атқарушы Мик Мулваниға берді, ол шілде айының ортасында ведомствоаралық кеңесте Қорғаныс министрлігі мен Департаментке тапсырылды.
Қаржы жылының аяқталуына байланысты қаражат тоқтатылды. Сонымен қатар, басылым бұл Трамптың Украина президенті Владимир Зеленскийге қысым көрсету әрекеті емес екенін атап өтті, өйткені олардың телефон арқылы сөйлесуі кейінірек – 25 шілдеде болған.
Сөйлесу кезінде Украинадағы сыбайлас жемқорлық туралы сөз болды әрі Ақ үй басшысы Зеленскийдің бұл әрекетті шынымен тоқтатқысы келетінін атап өтті және әңгімені керемет деп атады.
Бұған дейін The Wall Street Journal Трамптың шілде айындағы Зеленскиймен сөйлесуі кезінде Киевті АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байден мен оның баласының Украинаның газ компаниясымен байланысы бар әрекеттерін тергеуде адвокат Рудольф Джулианиға көмектесуге мәжбүр етуге сегіз рет тырысқанын хабарлады.
Трамптың 2020 жылғы президенттік сайлаудағы басты қарсыласы саналатын Байден келіссөздердің егжей-тегжейін жариялауды талап етті.
Жауап ретінде Трамп Зеленскиймен әңгімесінің жазбасын жариялауды қарастыратынын айтты.