Саясат
Трамп заңды аттады деп айыпталуда
АҚШ Конгресі президент Трампқа импичмент үрдісін бастағанын мәлімдеді. Оған Украина президенті Зеленскийге Трамптың көрсеткен қысымы себепкер болған.
- Бүгін мен өкілдер палатасы ресми түрде импичмент мәселесін қарастыруды бастағанын мәлімдеймін. Президент өзінің әрбір әрекетіне жауап береді. Ешкім де ЗАҢНАН биік емес. Заңсыздық болса, президент (Трамп) тақтан тайдырылады, - деді палата спикері Нэнси Пелоси.
Нэнси Пелоси бұл жолы толық тергеу мен зерттеу жүргізіп, істі аяғына дейін жеткізетінін мәлімдеді.