Спорт
Ақыры қазақстандық спортшының өтініші орындалды
Лас-Вегас. T-Mobile Arena. 20 мың жанкүйер. Қазақстан мен Мексиканың желбіреген байрағы. Үкілеген үміт. Күдік. Қос қапталда GGG және Канело.
Осыған дейін болған әнұранға байланысты даудың шешімі белгілі болды. Тікелей эфирде екі елдің әнұраны шырқалған жоқ. Бізге мәлім болған дерек бойынша, әнұран тікелей трансляцияға дейін орындалып қойды. Болар іс болып, бояуы сіңген екен, ендеше отандасымызға жеңіс тілеуден басқа айтарымыз жоқ.
Кеше ғана көз арбасу салтанаты кезінде бірнеше қателік жасаған Сауль Альварестің әрекетін түрлі спорт сарапшылары жеңіліске бағалап жатты. Дегенмен бәрін ринг шешеді.