Саясат

Әлихан Бөкейхан жаздыртқан тұңғыш қазақ конституциясы

1911 жылы жазылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан тәуелсіз Қазақстанның о бастағы бастаушысы, мемлекет құруға талпынған қайраткерлері – алашордалықтар.

Алаш орда өте қысқа уақыт ішінде құрылып, үлкен саяси ойынның құрбаны болғанымен, бүгін оны ұрпақ ұмытқан жоқ. Олардың басы арманы тәуелсіз әрі еркін мемлекет құру болды.

Сіздерге 1911 жылы Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлының басшылығымен жазылған «Қазақ жарғысы» немесе конституциясының «Адам баласының құқы туралы» бөлімін ұсынып отырмыз.

Айта кету керек, аталған конститутция демократия мен либералды құндылықтарды дәріптеу жағынан, Еуропа елдерінің бүгінгі конститутциясынан кем түспеген. Ұлт көсемінің тапсырмасымен қазақтың тұңғыш конституциясын заңгер Барлық Сыртанов жазып шыққан.

ІІ Адам баласының құқы туралы

- Қазақ елінде адам баласының бәрі тең құқылы. Дініне, қанына, тегіне, нәсіліне қарап адамды қорлауға жол жоқ. Адам тек закон һәм құдай алдында жауап береді.

- Қазақ елінде адам баласы бостандықта, теңдікте һәм бақытты өмір сүруге құқы бар.

- Қазақ елінде ер адам мен әйел теңді. Қазақи ерекшеліктер әйелдерді қорламайды, әйел келісімімен іске асады.

- Қазақ елінде адам баласының еркін сөйлеуге, ұйым құруға һәм патрияларға кіруіне тиым жоқ.

- Нәсілдерді бір-біріне қарсы итеретін ұйымның, партияның, адам баласының істеріне тиым салынады. Кінәлілер законға жауапты.

- Қазақ елінде соттың рұқсатынсыз адам баласы ұсталмайды, абақтыға қамалмайды. Ұсталғандарға сот 24 сағатта хұкім беруі шарт, болмаса қамаудан босатылады. Законды бұзумен қамаған сот алдында сазайын тартады.

- Қазақ елінде адам баласының хат-хабарын ашуға рұқсат жоқ. Рұқсат беру – соттың мойнында.

- Адам баласының мүліктің барлық түріне ие болуға хұқы бар. Мүлікке ие болу, пайдалану һәм билеуден адам баласына зиян болмауы шарт. Мүлік хұқынан айыру законмен, құнын төлеу арқылы болады.

- Қазақ елінде ең басшы орны – Ұлт мәжілісі. Оған дауыспен өткендер Қазақ елінің басшысы Президентті төрт жылға сайлайды.

- Бір президент екі реттен асып ел билеуге хұқы жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61