Weekend

Қазақ қыздары әлемді тәнті етті: Өшіп қалған әнұранды өздері айтып шықты

Әнұран өшіп қалды, ал қыздар оны акапелламен айтып шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістанда су спорты түрлерінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған сынға қатысып жатқан су добынан Қазақстан қыздар құрамасы еліміздің Әнұранын өз дауыстарымен айтып шықты.

Қазақстандықтардың алғашқы қарсыласы Қытай құрамасы болған. Шараның дәстүрі бойынша, ойын басталмас бұрын екі елдің әнұраны «ойнауы» тиіс болатын. Алайда қазақ әнұраны 8-ші секундқа келгенде үзіліп, өшіп қалған көрінеді.

Қыздар командасы да тосылып қалмай, үзілген әнұранды дауыстап айтып, мемлекеттік гимнге құрмет көрсеткен. Жанкүйерлердің қошеметінде шек жоқ.

Ал матчтың өзі 11:10 есебімен аяқталып, қытай құрамасы жеңіліп қалды.  

Olympic.kz