Bugin

Күдебаевтың ұлы үшін ұсталған дәрігердің әріптестері Біртаңовтан көмек сұрады

Заң аясында шешілуі керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дәрігерлер Қанат Тезекбаевқа араша түсіп, елдің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртаңовқа хат жолдады. Хатты дәрігердің жігіттің өлімі кінәсі жоқ екендігі айтылған.

Қанат Тезекбаев – Алматы қалалық №4 аурухананың дәрігері. Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң ұсталған. Күдебаевтың ұлына ота жасаған еді.

Ал дәрігерді қолдап министрлікке хат жазған Дәрігер қауымдастығы мен Павлодар облысының дәрігерлері Күдебаевтың ұлының өліміне Тезекбаевтың еш қатысы жоқ екендігін айтады.

- Қанат Тезекбаев 28 жыл бойы Павлодар облысының Ақсу аудандық ауруханасында жұмыс істеген жан. Осы жылдары травматология саласында біліктілігі жоғары маман екендігін дәлелдей алған дәрігер. Күрделі оталарды жасап, көптеген адамның өмірін алып қалды. Өте тиянақты, өз ісіне берілген, кәсіби маман. Қанат Марденұлымен таныс дәрігерлердің оның қиянатқа баратынына еш сенбейді, - делінген хатта.

Соған орай, қауымдастық мүшелері министр Елжан Біртаңовтан көмек сұрап, Тезекбаевқа араша түсуін өтінген.

- Тезекбаев – есімі үлкен қаріппен жазылуға тұрарлық дәрігер. Жағдайды әділ әрі заңды түрде шешілуіне қол ұшын беруіңізді өтінеміз, - дейді дәрігерлер.

Айта кеткен жөн, Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев өткен айда көлік апатынан ауыр жарақат алып, ауруханаға түсіп, қайтыс болған еді.