Саясат

Джонсон Лондонға саяси дағдарысты шешу үшін оралды

Сәрсенбіде ел парламенті жұмысын қайта бастайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының отырыстарына қатысып жүрген Ұлыбритания премьер-министр Борис Джонсон іссапарын шұғыл тоқтатып, еліне қайтып оралды. Өйткені елдегі ішкі саяси дағдарысты реттеп, парламент жұмысын бастауы тиіс болатын. 

Джонсон бұған дейін парламент жұмысын уақытша доғарған еді. Алайда Жоғарғы сот судьядары премьердің бұл шешімін заңсыз деп тауып, парламенттің жұмыс жасауын талап еткен көрінеді. Ал бұл Джонсонның Консерваторлар партиясына ауыр соққы болды. 

Джонсон бұған дейін патшайымнан парламентті 10 қыркүйектен 14 қазанға дейін жабуға келісім алған болатын. Ол өз шешімін үкіметке жаңа күн тәртібін енгізіп, ішкі саяси бағдарламаны іске асыруды бастау керек деп түсіндірді. Көптеген парламентарийлер Джонсонды 31 қазанда ЕО-дан келісімге келместен шығармақшы деп және соған байланысты ақпарат пен құжаттарды жасырмақшы деп, сондай-ақ патшайымнан парламентті тоқтата тұруға рұқсат алу туралы жалған ақпарат берген деп айыптады.