Саясат

Украинада Ұлттық полицияның жаңа басшысы тағайындалды

25 қыркүйекте үкімет Ұлттық полиция басшысы Сергей Князевтің отставкасын қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина Министрлер Кабинеті ұлттық полицияның басшысы болып бұрын осы ведомство басшысының орынбасары қызметін атқарған генерал Игорь Клименко тағайындалды.

- 25 қыркүйекте үкімет Ұлттық полиция басшысы Сергей Князевтің отставкасын қабылдады және полицияның жаңа басшысын тағайындады. Ол бұрын Украинаның Ұлттық полициясы басшысының орынбасары қызметін атқарған үшінші дәрежелі полиция генералы Игорь Клименко болды, - делінген хабарламада.

Полицияның жаңа басшысы бөлімнің негізгі міндеттерін айқындап берді. 

- Бірінші міндет – қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға жауап қайтаруды жақсарту. Келесі бағыт – қылмыстың алдын алу, ең алдымен көшедегі көріністер, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру, - деді Клименко.

Бұған дейін "Strana.UA" ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Польша кеденшілері 650 мың еуроны негізсіз әкетпекші болды деп Украинаның үш азаматын, соның ішінде Князевтің бұрынғы әйелі мен Хорватия азаматын ұстады деп хабарлаған болатын. Олар шекараның Украина бөлігінде тексеруден кедергісіз өтті деп болжануда. Князев бұқаралық ақпарат құралдарындағы әйелінің ұсталғаны туралы  мәліметтерді жалған ақпарат деп атады. Кейін ол отставкаға кететінін айтып, бұл шешімнің себептерін түсіндірмеді.