Спорт
Футбол жаңалықтары
Лондон клубы қысқы трансфер кезінде команданың жартылай қорғаушысы Месут Озилді сатуға дайын.
Футболшының клубтан кетуі бас бапкер Унай Эмеримен арадағы келіспеушілік басты себеп болып отыр.
Daily Expressтің хабары бойынша, неміс футболшысының трансфер бағасы 25 миллион фунтты құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Месут "Арсенал" құрамына 2013 жылда Мадридтің "Реал" клубынан келіп қосылған. Футболшы осы маусымда 12 ойын өткізіп, 4 гол соққан болатын.