Bugin
Жүрегі нәзік арулардың қатыгез жанға айналуына не себеп болды?
Дарья Салтыкова ("Салтычиха"), 1730-1801 Ресейдің дәулетті әрі ірі жер иеленушілерінің бірі болған. «Қатігез, қанішер» әйел ретінде тарих бетінде қалған. Ол өзінің қоластындағы шаруаларды (әйелдер мен еркектерді) аяусыз, қинап өлтіріп отырған. Салтыкованың қолынан 139 шаруа қаза тапқан, құрбандарының басым бөлігі қыздар мен әйелдер.
Ольганың қатыгез болуына өміріндегі ауыр жайттар әсер еткен. Киев князі болған өмірлік жары Игорь Рюрикович өлтірілгеннен кейін Ольгаға барлық билікті өз қолына алуы керек болады. Ол күйеуін өлтірген древляндықтардың 20 елшісін тірідей көміп тастауды бұйырады. Олар Ольганы өз князьдері Малаға тұрмысқа береміз деген ниетпен келіп, өлім құшқан.
Сонымен қатар күйеуінің зиратында древляндықтарға ас беріп, оларды әбден масайтқаннан кейін өлтіруге бұйрық берген. Тарихи жазбалар сол күні бес мыңға жуық древляндық өлтірілгенін растайды.
Ал древляндықтардың астанасы Искоростеняны жаулау кезінде ол сол маңдағы құстардың аяғына отқа оранған күкіртті байлап, қаланы түгелдей өртеп жіберген.
Кастилия мен Леон патшайымы Изабелла патша Арагонмен некесін қиып, Испанияның бір ел болып бірігуіне негіз болды. Католиктер дінінде болған патшайым өзге дін өкілдерін жек көрген, сөйтіп ол өзге дінге берілген адамдарды тірідей өртеу жазасына кескен. Изабелла қатыгез әрекетін жүзеге асыру үшін Томас Торвемада есімді азаматты инквизитор ретінде тағайындайды. Ол болса 100 мыңға жуық адамды өзге дінді ұстанғаны үшін түрлі азаптарға салып, жазалаған. Нәтижесінде 200 мыңға жуық араб пен еврей Испаниядан көшіп кетуге мәжбүр болды.
Кетрин Найт 1956 Австралия тарихында өмір бойына қамауға алынған бірінші әйел. 2001 жылдың қазан айында ол отбасылық жанжал кезінде бірге тұратын туысын өлтіріп, денесімен ойнаған.
Мария Тюдор - ағылшын патшасы VIII Генрихтің қызы. Әкесінің қазасынан кейін Мария елін католиктік шіркеуге бағындыру үшін қарсы шыққандардың бәрін тірідей өртеп отырған. Оның билік құрған кезі қантөгіс пен қатыгездікке толы болған, сол себепті тарихта «Қанды Мэри» атымен қалған.
Император гаремінен патшайымға дейін көтерілген Цыси адамдарды азаптап өлтіруден ләззат алатын. Ол өзіне бір түндік ләззат үшін жас жігіттерді әкелуін бұйырып, кейін оларды бірден өлтіріп отырған. Ол 50 жыл бойы барлық соғыстарда жеңіліс тауып, елдің жағдайын түсіріп жіберген. Сонымен қатар өз халқын аяусыз қырып отырған.
Ирма Гриз, 1923-1945 жылдары Германиядағы гитлер лагерінің ең қатал жазаланушыларының бірі. Ол психологиялық зорлық-зомбылықпен адамдарды әуелі қинап, сонан соң атып өлтіріп, көңіл көтергне. Тіпті иттерді де тамақ бермей, қамауға алып, аштықпен өлтірген.
"Қанды графиня" деген есіммен Венгрияда танымал болған Эржебет вампирлікпен әуестенген. Ол өз өмір жасын ұзарту үшін жас қыздардың қанымен толтырылған ваннаға шомылатын деген сыбыс бар. Графиня 650-ге жуық адамды асқан қатыгездікпен азаптап өлтірген. Ол адамдардың қолдарын өртеп, бет-жүздерін және өзге дене мүшелерін тістеп, жұлатын.
I Ранавалуна XIX ғасырда Имерина патшалығын басқарған. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін ол таққа таласқандарды өлтіріп, бар билікті өзіне алады. Ол Мадагаскар халқының бестен бір бөлігін қатігездікпен өлтірген. Елден қашып үлгермеген шаруаларды ол азаптап, тірідей қайнатып, құздан лақтырып отырған.
Ранавалуна өз қоластындағыларының адалдығын у ішкізу арқылы тексеріп отырған. У себілген жаңғақты жегендер қандай да бар амалмен тірі қалып жатса, одан барлық айыптар алынып отырған. Осылайша 40 жыл билік еткен Ранавалуна тұсында 100 мыңға жуық адам уланып қаза болды. Бұл халық санының 20%-ын алатын.