Bugin
Әйел шенеунік
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі ұсталған шенеуніктің бір жұмысшыдан 1000 долларға дейін пара алып отырған дейді.
- Маңғыстау облысы «Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау» мемлекеттік мекемесінің шетелдік жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысы бірнеше рет пара алды деген айыппен ұсталды. Ол аймақта жұмыс істейтін шетелдік азаматтарға жұмыс визаларын оңай беру мен тез ұзартқаны үшін шетелдік компания өкілдерінен 500-1000 доллар аралығында пара алып отырған деген айып тағылып отыр, - делінген бейсенбіде таратылған хабарламада.
Күдіктінің ұсталып, Ақтау уақытша қамау абақтысына орналастырылғаны атап өтілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жасалуда.