Саясат
Трампқа Қырымның сұлулығына тамсанған
Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, АҚШ басшысы Дональд Трамп Қырымның «оралуына» көмектесуге уәде берген. Бұл туралы РИА Новости хбарлайды.
- Менің естуімше, ол оның (Қырымның) біздің туған жер екендігімен келіседі және біз оны қайтарамыз. Ол "Сіздерге жұмыс істеу керек, бұл жағынан біз сізге көмектесеміз",- деді, - дейді Зеленский.
Жақында мемлекет басшылары БҰҰ Бас ассамблеясының аясында кездесу өткізген болатын. Америкалық көшбасшы бұл кездесуді «фантастикалық» деп атады, бірақ егжей-тегжейлі ештеңе айтпады.
Ол Зеленскийге Ресеймен қарым-қатынаста «дамуды жалғастыруға» кеңес бергені белгілі. Украина президенті, өз кезегінде, АҚШ сайлауына араласқысы келмейтіндігін жеткізіп, әріптесін Киевке келуге шақырды.
БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясының жоғары деңгейдегі апталығы Нью-Йоркте 24-30 қыркүйек аралығында өтеді.