Bugin

«Қазақстан тату көршіміз» Қытайдың Алматыдағы елшілігіне әйел дипломат тағайындалды

Қытайдың Алматыдағы бас елшіліген жаңа басшы тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа елшінің есімі – Гэн Липин ханым. Кеше ғана тағайындалған елші Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қарым-қатынастарымен қатар рухани және мәдени қатынастарды да жандандыруға ниет етіп отыр.

- Мен – Қытайдың әдемі Алматыдағы елшіліген тағайындалып отырған бесінші консулымын. Алматыға осыдан 25 жыл бұрын келген едім. Сол кезде ұнаған еді. Қазір де бұл қалаға оралғаныма қуанып отырмын. Туыстар бір-біріне бақыт, көршілер бір-біріне тыныштық тілейді.  Қазақстан – Қытайдың тату көршісі. Сондықтан қытай халқы Қазақстанның қарқынды дамуы мен ілгерілеуіне шын жүректен қуанады, - дейді Липин ханым.

Ол сөз барысында Қытай мен Қазақстан арасында 1992 жыл 3 қаңтарда дипломатиялық келісімге, достық және ынтымақтастық туралы келісімге, содан кейін жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту бойынша маңызды құжаттарға қол қойғанын атап өтті.

- Жаңа тағайындау - мен үшін абырой. Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты, сондай-ақ екі елдің халықтарының әл-ауқатының артуына үлес қосатын Бас консул ретінде қызмет етуге ниет білдіремін, - деді Қытайдың Бас консулы.

ҚазТаг