Саясат

Тоқаев полиция мен сот жүйесін өзгерткісі келеді, ал Елбасы – жоқ

Тоқаев Нью-Йоркте жүріп, саяси реформалар жайлы айтуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-та, Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының отырыстарына қатысумен жүргені белгілі.

Алайда біздің ел үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды саналатын бұл оқиғаның ортасында жүрген Тоқаевты қазақстандық БАҚ-тар үлкен тақырып етіп жазып жатқан жоқ. Тек президент әкімшілігі Тоқаевтың Грузия, Болгария, АҚШ президенттерімен, БҰҰ-ның басшыларымен, сарапшыларымен кездесіп жатқанын ғана ақпарат түрінде жазып, жариялап жатыр.

Бірақ бұл кездесуде Тоқаевтың қандай мәселе көтеріп, не жайында әңгіме құрғандары толық ашылмаған. Егер мәтінде басшылардың не хақында сөйлескені жазылса, онда қазақстандық қоғам үшін жаңа саяси ойлар туып, Тоқаевтың саясаты жайында белгілі бір түсінік қалыптасар еді.

Бір жағынан, бұл Тоқаев бастаған президент әкімшілігінің бұқаралық ақпарат құралдарымен имидж қалыптастыру бойынша дұрыс жұмыс жасай алмайтындығын білдірсе, екінші жағынан Тоқаевтың халық арасында «жаңа басшы, реформалаушы тұлға» ретінде имиджінің қалыптасқанын қаламайтын арнайы топтардың бар екендігін білдірсе керек.

Мәселен, инсайдерлік ақпарат көздеріне сүйенетін Телеграмдағы "Ұзын құлақ" арнасының Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы мен басқа да отырыста сөйлеген сөздерін қазақстандық БАҚ-қа жария етпей отырғандардың бірі – ақпарат министрі Дәурен Абаев деп көрсетеді. Тоқаевтың 2 қыркүйек күнгі жолдауын теледидардан бергізбей қойған да дәл Абаев еді. Өйткені "жолдау" түсінігі мемлекеттік идеология тұрғысынан Нұрсұлтан Назарбаевтың жолы-тұғын. Оның Тоқаевқа берілуі Елбасының имиджі үшін пайдалы емес.

Аталмыш арна Дәурен Абаевты Елбасының сенімді серіктерінің бірі ретінде баға береді. Сондықтан ақпарат саласына қатысты айтқан Елбасының нұсқаулықтарын орындап отырады. Ал бұл жолы да Елбасы Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында оқыған баяндамасын қазақстандық БАҚ-қа жариялауға тыйым салған көрінеді. Өйткені бұл баяндамада бұрынғы президенттің қытығына тиетін дүниелер айтылған сыңайлы.

Мәселен, Тоқаевтың Ассамблеяда сөйлеген сөзінің ағылшын тіліндегі нұсқасын жариялаған ҚазАқпарат мәтінінде мынандай бастама айтылады:

Яғни, қазақ тіліне аударғанда:

- Барлық салада және қарапайым азаматтардың күнделікті өмірінде жоғарғы заңнаманың сақталғанын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдары мен сотқа түбегейлі өзгерістер енгізіледі, - деген Тоқаев.

Яғни, Тоқаев құқық қорғау органдары мен соттың реформаланатынын айтып отыр. Соған қолдау білдіретінін жеткізуде.

Алайда Елбасы мұны ұнатпаған сынды. Өйткені бұрынғы президенттің бүкіл билігі құқық қорғау органдары мен соттың көмегімен тұр. Оны өзгертетін болса, экс-президенттің билігіне де сызат түспек...

Тағы оқи отырыңыздар: 

Назарбаев-Тоқаев кикілжіңі немесе Саяси бюро отырысын шұғыл өткізуге не себеп болды?

Ақорда – астаң-кестең: Кадрлық былықтың артында не тұр?