Bugin

Тәртіп сақшылары Руслан Жанпейісовті ұстады

Шымкент тұрғыны арыз жазған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Азаматтық белсенді Рулсан Жанпейісов Шымкент қаласында ұсталды, деп хабарлайды қаланың Полиция басқармасы.

Құқық қорғау органдарының хабарлауына қарағанда, Шымкент қаласының тұрғыны 18 маусым күні полицияға келіп, Руслан Жанпейісовтан таяқ жегенін айтып, арыз жазған.

- Бұл дерек реестрге "Бұзақылық", "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" баптары бойынша тіркелді, - деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

Одан бөлек, белсендіге "тәртіп сақшыларын балағаттады" деген де айып тағылып отыр. Қазір ол Шымкент қаласында уақытша ұстау изоляторында.

Руслан Жанпейісов елге полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетін видеоға түсіріп, әшкерелегені үшін танымал болған еді.