Саясат
Біз Ресейге қосылмаймыз!
Лукашенко Ресейге қосылу жайлы жауап берді.
- Путинмен кездескен сәтте осы мәселені қозғадым. Мен оған былай дедім: "Егер сендердің үкіметтерің немесе сенің бізді қосып алу ойларың болса, онда оны басыңнан шығарып таста" дедім. Ол ондай ойдың ешқашан болмағанын айтты, - деді Минскте Лукашенко.
- Мен - Белоруссияның бірінші президентімін. Осы елді құрып, артынша оны біреуге қосатындай ақымақпын ба?! Менің өз билігіме түкіргенім бар! Мен билікте 25 жыл отырмын, 26-жылдықта оны біреуге қосу немесе тәуелсіздіктен айырылу ақымақтық болар еді. Қандай жағдай болса да біз бұл елдің азаттығын күшейте береміз, - деді ол.