Саясат

Түркістанда жаңа тірек пункттер бой көтерді

Жағымды жаңалыққа қарапайым халық дән риза

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістанда жаңа тірек пункттер бой көтерді. Түркістан облысында ерекше үлгіде жаңа тірек пунктар пайдалануға берілді. Жағымды жаңалыққа қарапайым халық дән риза. 

Жаңа нысанның лентасын облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен облыстық полиция депортаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков қиды. Төрт қабырғаның ортасында, үйілген қағаздардың арасында отыратын қызметкерлердің жұмысы жеңілдеді. Жаңа нысан барлық қажетті техникамен жабдықталған. Аялдамалардың жанында, халыққа өте жақын орналасқан, пункте жаз айларында салқындататын, қыста жылытатын арнайы жылытқыштар қойылған. Байланыс құралдары толықтай жаңартылып, бойланыстың барлық түрлерін қамтамасыз етеді. Қабырғалары шыны әйнектен тұрғызылғандықтан іштегі тыныс-тіршілікті сырттан бақылауға да мүмкіндік бар. Тәртіп сақшыларының жұмысын ашық әрі айқын ету мақсатында салынған полиция бекетіне қала тұрғындары талап-тілектерін еркін білдіре алады. Пирамида пішіндес ғимараттың тағы бір ерекшелігі іші қажетті кітаптармен толыққан. 

Келушілерге құқықтық сала мен рухани құндылықтарымызды дәріптитін кітаптар қолжетімді. Басты мақсат қаланы ерекше дизайынмен салынған ғимараттармен толықтыру болып табылады. Тыныштық пен тұрақтылықты сақтаушы сақшылардың жаңа тірек пунктті соның жемісі.