Саясат

Ресей СІМ: АҚШ террористерге ашық түрде қолдау көрсетуде

АҚШ Ресейге тағы да санкция салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дипломаттар Америка Құрама Штаттарының қарсылығына қарамастан, Сириядағы лаңкестермен күресуді жалғастыратынын айтты.

Ресей СІМ Сириядағы ресейлік әскерлерге реактивті отын жеткізгені үшін енгізілген АҚШ-тың кезекті анти-ресейлік санкцияларына қатысты түсініктеме берді.

-       Ресей әскери-әуе күштері 2015 жылдан бері Сирияның үкімет күштеріне террористік топтармен күресте көмек көрсетіп келе жатқандықтан, АҚШ лаңкестерге ашық түрде қолдау көрсетіп тұр, - делінген СІМ хабарламасында.

Департамент Ресейге санкциялардың жаңалық емес екенін атап өтті. Дипломаттар Америка Құрама Штаттарының қарсылығына қарамастан, Сириядағы лаңкестермен күресуді жалғастыратынын мәлімдеді.

-       Біз Вашингтон саясатының әдепсіздігі мен қағидасыздығын қатаң айыптаймыз, - деп қорытындылады СІМ.

АҚШ тарапынан санкцияларды кезекті кеңейтілуі туралы 26 қыркүйекте белгілі болды. Sovfreight-те жұмыс істейтін Ресейдің үш азаматы, бес кеме және Maritime Assistance логистикалық компаниясы шектеулерге ұшырады.

Олардың барлығы Сириядағы ресейлік контингентке реактивті отын жеткізуге қатысқан болатын және осылайша осы елдің президенті Башар Асадтың режимін қолдап келді.