Саясат

Қайғылы оқиға: Орал саяжайында үш адам өртеніп кетті

Өрт болған жерден үш адамның мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оралда саяжай үйінде болған өрттен ер адам, әйел және бала қаза болды. Бұл ақпаратты төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі растады.

"Волна" бау-бақша бірлестігінің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама 27 қыркүйек, жұма күні түнгі сағат 02.46-да түскен.

Өрт сағат 06.15-те сөндірілді. Оның аумағы 35 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнынан үш адамның өртенген денесі табылды: олардың бірі 1961 жылы туған ер адам болып шықты, ал әйел мен баланың кім екені анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге 14 адам жұмылдырылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61