Экономика
Біз сынақтан өтуге дайын болуымыз керек
Келесі аптадан бастап Халықаралық валюта қорын Болгариядан келген ғалым-экономист басқарады, деп хабарлайды dw.com.
ХВҚ Кристалина Георгиеваны Дүниежүзілік банк басшысы қылып тағайындады.
Осы тағайындауды алғаннан кейін Кристалина Георгиева:
- Жаһандық экономикалық өсім құлдырауды жалғастыруда. Саудадағы қиындықтар жалғасуда. Көптеген елдерде қарыздық ауыртпашылық артып келеді. Дабылдар қосулы, біз сынақтан өтуге дайын болуымыз керек, - деп мәлімдеді.
Георгиева 1 қазаннан бастап қызметіне кіріседі. Бұрын ол Еуропалық Комиссияның вице-президенті қызметін және қоршаған ортаны қорғау мен гуманитарлық көмек саласында жұмыс істеген болатын.