Weekend

Поэзия: Шүкірлік етем бәріне

Өлең ғұмыр...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Айтар біреу ақылың тапшы екен деп,
Біреу айтар шапаның жақсы екен деп.
Өмір сүрем өзге емес өзім үшін
Жаратқанға әр ісім жақса екен деп.

Бар біреу дем беретін өрге шықсам,
Біреу бар көре алмайтын төрге шықсам.
Тимесе де өзіңнің пайдаң жұртқа
Келтірмеген жөн болар елге нұқсан.

Күтеді алдан нендей күн,
Көріпкелдікке сенбеймін.
Шүкірлік етем бәріне,
Шүкірлік етсем "өлмеймін"...

Жәнібек Салқынбек