Саясат

Атамбаевтың оққағары кісі өлтірді деп айыпталып қамауға алынды

Атамбаевты құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен қорғаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанның Бішкек қаласының Первомай аудандық соты бейсенбіде экс-президент Алмазбек Атамбаевтың жеке күзетшісі Қанат Сағынбаевты қамауға алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.

- Соттың шешімі бойынша ол 8 қазанға дейін №1 тергеу изоляторына қамалды, - деді канцелярия өкілі.

Күзетшіні Атамбаевқа Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті тағайындайды. Бұл заң бойынша қарастырылған шара. 

Елдің бұрынғы жетекшісін ұстау жөніндегі арнайы операция кезінде Сағынбаев, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде айтылғандай, қызметінен кету туралы бұйрықты орындамай, Атамбаевты құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен қорғауды жалғастырған.

Жиырмасыншы қыркүйекте Сағынбаев комитеттен босатылды. Оның үстінен «топ болып кісі өлтіру», «жаппай тәртіпсіздік», «лауазымдық жағдайын теріс пайдалану» және «тергеушінің немесе басқа лауазымды адамның іс-әрекетіне кедергі жасау» баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.