Weekend

Алдағы күндері ауа райы минус 5 градусқа дейін суытады

Ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 

«Қазгидромет« РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан арқылы ақырындап жылжып жатқан суық атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын болады.

Ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді. Ал демалыс күндері сол фронттардың ықпалынан Қазақстанның қалған аумағында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн суытады. Орталықта және шығыста түнгі температура минус 1…5°С-қа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 градустық ыстықтан кейін дүйсенбі күні термометрдің сынап бағанасы күндіз тек плюс 12…18°С көрсетеді.