Саясат
Александр Лукашенконың Қазақстан президентімен қарым-қатынасы қандай?
Лукашенконың БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде айтқан сөзі президенттің ресми сайтында жарияланды.
"Мен билікке жаңа келген адамдармен көп келіссөздер жүргіземін. Мәселен, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы айтсам. Адамдардың арасында химия болуы керек қой. Екеуіміздің қарым-қатынасымыз керемет, біз бір-бірімізді түсінеміз. Ол білімді адам, кезінде қытай тілін меңгеріп алған. Мен оны ерекше құрметтеймін. Дей тұрғанмен, Қазақстанның тұңғыш президентімен де қарым-қатынасымыз өте жақсы", - деді Александр Лукашенко.
Айтуынша, ол Қазақстанның қазіргі көшбасшысына сенеді және президентпен кез келген мәселе бойынша ашық сөйлесе алады.
"Ол менің сөзімді біреуге басқаша жеткізетін адам емес", - деп атап көрсетті Лукашенко.
Бұған дейін Александр Лукашенко Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікірін білдірген еді.