Woman
Қазіргі уақытта бьюти блогерлер жаңалыққа енгізген Иллюзиялық оптика макияжының танымалдылығы артуда
Уақыт өтіп, технология дамыған сайын адамдардың қиялы да дамып келеді. Қай салаға көз жүгіртсек те, әрқашан қызықты жаңалықтарымен бөлісу үстінде. Солардың ішінде қыз-келіншектердің сән әлеміне әкелген жаңалықтары. Оған 2018 жылдың басты жаңалықтарына енген Оптикалық Иллюзия макияжын жатқызсақ болады. Бұл жайында естуіңіз бар ма? Иә, танымал макияж түрі күнделікті өмірде қолданатын емес, хайп үшін немесе белгілі бір іс-шараға, фотосессияға арналған макияж.
Иллюзиялық Оптика макияжы түрлі гримдік бояуларды, латексті қолданумен 3D сурет түрінде жасалынады. Макияжды жасау кез келген арудың қолынан келе бермейді. Макияж түрі суретшілік қабілет пен асқан ұқыптылықты талап етеді. Иллюзиялық Оптика макияжын тек бет бөлігіне ғана емес, дененің басқа да бөліктеріне қолдануға болады.
Макияждың ерекше форматта жасалатын осы түрі - әлеуметтік желілерде аса танымалдыққа ие бьюти-тренд. Интсаграм мен Ютубты ашып қарасаңыз 3D макияждың таңқаларлық, қызықты түрлерін көресіз. Қазіргі уақытта иллюзиялық макияжбен Моника Фальчик есімді Литвалық визажист танымал болып келеді. Хэллоуин мерекесіне арналған макияжды Инстаграмға жүктеу арқылы Моника көптеген қаралымдар мен пікірлер жинаған. Сол кезден бастап, инстажұлдыз Иллюзиялық Оптика макияждың қоғамда таңданыс тудыратынын түсініп, дамытуға кіріскен. Сонымен қатар, Мими Чой есімді бьютиблогердің парақшасын қарасаңыз таңғажайып фотолар мен видеоларға куә боласыз.