Weekend

Театрға қашан бардыңыз?

Театр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Араға бір жыл уақыт салып, киелі шаңырақ саналатын театрға қайта аяқ бастым. Бұл жолыда жалғыз емеспін, жанымда өнерді сүйетін группаластарым мен алтын апайларым бар. Сол кісілер болмаса бұл мекенге қайта келудің сәті тумас еді-ау. 

Өйткені күнделікті сабақ пен қаланың қарбалас өмірінен қол тимейді. Дегенмен іздегенге сылтау табылар демекші, мұның бәрі жәй ғана ақталу да болуы мүмкін. "Құрметті оқырман сіз театрға қашан бардыңыз?" деп сұрақ қояйын.

Бұл сұраққа барлығыңыздың да сан түрлі жауап беруіңіз анық. Араларыңызда мүлдем театрға бармаған жандар да бар шығар. Егерде солай болса, жағдайыңыз тым ауыр екен. Осы ретте театр жайлы аз ғана мәлімет беріп өтейін. 

«Театр» сөзі грек тілінен аударғанда "көрініс" деген мағынаны білдіреді. Ол  сонау көне Грекияда пайда болып, əртістердің ойыны, музыкалық нөмірлер, поэзия, проза, дизайн секілді бірнеше өнерлерді қамтыған екен. Және де осындай жан-жақтылығымен де театр құдыретті деп саналса керек. Яғни, бірнеше адамзаттық өнерлерді бір жерде топтастыру үлкен өнердің тууына себепші болып отыр... Осындай ұлы өнерді куәсі болып, әрбір қойылымды үзбей тамашалап жүрген жандар қандай бақытты десеңізші. Алайда ондай сезімді сіздің де сезінуіңізге болады. Ол үшін дәл қазір ұялы телофоныңызды алып, жақын арадағы күндерге онлайн билет алыңыз. Жақын достарыңызды немесе туыс-туғандарыңызды сонда алып барыңыз. Әрине бұл сізге тасталған жәй ғана ұсыныс.

Шын мəнінде қарасақ, Жүсіпбек Аймауытов  айтқандай «... театр деген нәрсе. ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны». Оған қоса театр сізге шынайы адамдардың болмысын көрсетеді. Олармен байланысқа түсуді, өз өміріміз жайлы ойлануды талап етеді. Ең маңыздысы театрға барған жан ерекше сезімге бөлене алады, жүрегімен тілдеседі. Қызық комедияға барар болсаңыз күлмей немесе драмаға бара қалсаңыз жыламай ол жерден кете алмаймыз. Себебі ондағы барлық дүние- шынайы.

Сөз соңында осындай үлкен өнердің куәсі болғыңыз келсе, тағы да айтамын театрға барыңыз. Бар-жоғы 500 теңгеге ерекше сезімге бөленіп қайтыңыз.