Weekend

Сауап пен күнә: Есептеп көріңіз

Жақсы ойда болыңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адам бір жақсылық жасауға ниеттенсе +1 сауап жазылады. Ал орындаса +10 сауап, орындамаса ниеттегі +1 сауап қоржында қала береді.

Адам бір жамандыққа ниет етсе күнә жазылмайды. Ал оны орындаса +1 күнә. Сауабы көп адам жәннатқа кіретінін ескерсек, есеп бойынша тозаққа кіруге қарағанда жәннатқа кіру ықтималдығы 10 есе көп.

Енді қараңыз. Пайғамбарымыздың(с.а.у) үмбеті 73 топтан тұрады. Ал оның 72-і тозаққа, 1 тобы ғана жәннатқа барады екен. Жәннатқа кіру мүмкіндігі 10 есе көп болғанымен, тозақылар жәннаттықтардан 72 есе көп. Не үшін деп ойлайсыз?

Нәпсіні жеңген күйде, шайтанға ермеген күйде, күнәдан тыйылған күйде өмір сүру оңай емес. Пайғамбарымыз (с.а.у) сахабаларымен өздерінен бірнеше есе көп жауды әрең жеңіп келе жатқанда, ең үлкен соғыстың бұл емес, ең үлкен соғыс нәпсімен екенін айтқаны бар.

Яғни, ниеті, ойы дұрыс емес адам жақсы ниеттегілерден әлдеқайда көп болады дейді. Бірде онысында, бірде мұнысында жүрмей, жақсы ойға, жақсы ниетке, жақсы іске көшудің қамында жүрген адам болыңыз. Тағы да! Жақсы ойлаңыз  Жақсы ниеттер қылыңыз! Нәпсіңізге қарсы жүріңіз!