Саясат

Саакашвили: Путин Кеңес үкіметін қайта қалпына келтіргісі келеді

Бұндай ақпаратты қайдан алды екен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Ресейдің қысымымен Грузияның билігі елдің НАТО-ға және Еуроодаққа кіру курсынан бас тартуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлайды. 

Сонымен қатар, Саакашвили Грузия мен Ресей жалпы бір ел болуы мүмкін дегенді жоққа шығармады, себебі оның пікірінше, Ресей басшылығының жоспарына КСРО-ны 2024 жылға қалпына келтіру кіреді.

"[Ресей президенті Владимир] Путин 2024 жылға қарай, алдағы сайлаудан бұрын Кеңес Одағын қалпына келтіруге шешім қабылдады және Грузияны, Арменияны, Молдавияны, Белоруссияны, батыс бөлігінен басқа Украинаның негізгі бөлігін қосуды жоспарлап отыр. Бұл оның жоспары", — деді ол.

Бұрынғы грузиялық көшбасшы бұл ақпаратты қайдан алғанын нақтылаған жоқ.