Weekend

«Киднепинг» жайлы не білесіз?

Адам ұрлау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Киднепинг» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «адам ұрлау» деген мағынаны білдіреді. Көбінесе, адам ұрлау пайдакүнемдік ниетпен жасалады. Оған қоса ұрланған адамды пайдаланып туыстары мен жақын адамдарынан ақша өндіруге бағытталған әрекет болып табылады. Және де ең жаманы - қылмыскерлердің ақша талап ету үшін балаларды ұрлауға көп баратыны.

Қазіргі таңда әлемнің кез келген елінде адам ұрлау фактілері тіркеліп жатыр. Және де олардың нақты санын анықтау үшін түрлі статистикалар әзірленуде. Қолға түсірілген мәліметтер негізінде жыл сайын «адам ұрлаудың орталықтары» саналатын елдер анықталады. Мысалы, 2007 жылы бұл атау  Иракқа тиесілі болды, онда 1500-ге жуық шетелдіктер азаматтар ұрланған екен. Ал 2004 жылы Мексика, 2001 жылы Колумбия  елдері осы "атаққа" ие болған еді. Шындығына келер болсақ, адам ұрлаудың нақты статистикасын жинау қиын. Дегенмен болжамдар бойынша әлемде адам ұрлаудың болжамды саны жылына 12,5–25,5 мың адам деп есептеледі, оның ішінде Колумбияда жылына 3,6 мың. 

Америка Құрама Штаттарында болса, жылына екі мыңнан астам баланы ұрлау оқиғасы тіркелген. Көптеген  қылмыстар Еуропа немесе Латын Америкасы елдеріне тиесілі екен. Ең қызығы, Америкада бала ұрлаудың басты себептерінің бірі - бұл ақша емес, ұрланған баланы өз бетінше өсіру ниеті. АҚШ-тағы «Балаларды қолдау» ұйымының статистикасына сәйкес, бала ұрыларының 60%-ы қылмыстық өмірбаяны жоқ екен.

Бұл дегеніміз олардың алдын мүлдем қылмыс жасамағанын дәлелдейді. Бірақта бала ұрыларының психикалық ауытқулармен ауыратын адамдар екені расталған. Егерде  Америкада бала ұрлығы болса, басты күдікке баланың туыстары мен көршілері алынады. Сондай-ақ, кейбір жағдайларда қылмысты оның биологиялық әкесі немесе баламен бір шаңырақ астында тұрмайтын анасы жасаған болуы мүмкін. Ал кейбір жағдайларда адам ұрлығын жасағандардың мүлдем бейтаныс жан екендігі де анықталып жатады.

Қорытындылай келе, адам  ұрлау жас немесе кәрі деп бөлінбейтіні өкінішті. Алайда әр қылмыстың өтеуі жаза екенін ұмытпайық. Елімізде қасақана адам ұрлығын жасаған қылмыскерлерге 11 жыл абақтыға жабу жазасы қолданылады. Сондықта әрбір қимылымызды ой елегінен өткізіп жасайық.