Саясат
Осы апта ішінде белгілі болады
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонға импичмент жариялануы мүмкін. Бұл ұсынысты «Уэльс партиясы» алға тартып отыр.
The Sunday Times газетінің хабарлауынша, Борис Джонсонға қарсы бұл процесті бастаудың ресми себебі – Жоғарғы Соттың премьер-министрдің парламентті бес аптаға, яғни қазанның ортасына дейін тоқтата тұру туралы заңсыз әрекеттерін мойындаған шешімі.
Осылайша Джонсон депутаттарға Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу процесіне ықпал етуге мүмкіндік бермеуге тырысты деп болжануда. Импичментті жариялау туралы мәселе Қауым палатасына дүйсенбі күні жіберілуі мүмкін.
Егер депутаттар бастамаға дауыс берсе, Джонсонға қарсы сот процестері басталады. Сонымен қатар, импичмент - Джонсонды парламентті заңсыз тоқтата тұрғаны үшін соттаудың мүмкін нұсқаларының бірі. Сондай-ақ, The Sunday Times Борис Джонсон патшайымнан бұл жағдайға байланысты одан рұқсат сұрағаны үшін кешірім сұрады деп хабарлайды.