Weekend

16 жастағы қыздың ерлігі: Қазақ жастарының Тунбергтен алар өнегесі қандай?

БҰҰ саммитінде ең жас спикер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біріккен Ұлттар Ұйымының саммитінде биліктен экологиялық апаттың алдын алуды сұрап сөз сөйлеген 16 жастағы Грета Тунбергті естімеген адам жоқ шығар, сірә. Оның эмоционалды сөздерін әлеуметтік желіде қызу талқылауда. Бірі "бұл оның Нобель алуға жасаған әрекеті" десе, енді бірі "психологиялық ауытқуы бар" дейді. Ал кейбірі "жәй өзін жарнамалау" деп жазуда. Біздің халық болса,сөз бостандығына, батыс менталитетіне, қыздың батылдылығына қызықты. 

Енді менің жеке ойым...

Грета Тунберг трибунадан ешкім айта алмаған шындықты айтты. Бұл 16 жастағы қыз үшін үлкен батырлық пен батылдық деп білемін. Расымен, еуропалықтар бізден басқаша...

16 жасында экосистема, табиғат деп жылап жүрген қай қазақ баласын көрдіңіз? Бізді шынымен келер ұрпаққа табиғатты аялап жеткізу деген ой мазаламайды. Өзіміздің әрі кетсе, 100 жыл өмір сүретінімізді  білеміз, қалғаны маңызды еместей көрінеді. Бізде өз қоқысын жинауға тәрбиесі жетпейтіндер бар кезде, экологиялық апатты ойлайтындарды іздеу ерте де шығар. Себебі біз, өкінішке орай, бұл планетаға үйіміз деп қарай алмаймыз, "бүгін бармын, ертең жоқпын деп қараймыз". Аңдарды қызық үшін аулаймыз, бағалы жануарларды терісі үшін өлтіреміз, ормандарды өрт шалса да "ойбу" деп қана отыра береміз.

Табиғатқа тек қана мемлекет жауаптыдай қараймыз. Неге біз ондаймыз? 

Біздің динозаврлар мен мамонттарды көрмеуіміз де адамзаттың кесірі. Бізге сол үшін де экологиялық сауаттылық қажет. Өзімізден бастайықшы, өз қоқысыңызды жинап жүрсеңіз, пластикалық заттардан, полиэтилен пакеттерден бас тартудан бастасаңыз болады ғой. Швед қызындай әлем алдында сөз сөйлемесек те, адамдарды табиғатты қорғауға шақырсақ та үлкен қадам. Әрекет етейікші, әйтпесе, Грета айтпақшы, "келер ұрпақ кешірмейді".

<span ";="" font-size:="" "="">