Саясат
Өнер саласы
2019 жылғы 26 қыркүйекте зияткер де дарынды жастарға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры степендиясына сертификаттар тапсыру салтанаты өтті.
Биыл тоғызыншы рет тапсырылып отырған Тұңғыш Президент қорының студенттер стипендиясының республикалық конкурсы 27 мамыр - 28 маусым аралығында өткен. Байқауға республика бойынша 350-ден астам студент қатысқан. Конкурс нәтижесінде үздік оқыған, сондай-ақ әлеуметтік қызметте және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен көзге түскен 80 студент аталған шәкіртақының иегері атанды.
Олардың арасында Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттері Тоғжан Молдалім (Хореография факультеті), Диляра Чекаева (Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті), Айдарбек Абдулкадыр және Дамира Самадова (Кино және ТВ факультеті), Жансая Тұрмағанбет (Өнертану факультеті) бар.
Сертификаттарды белгілі боксшы Қанат Ислам, кәсіпкер Қайрат Құдайберген, «Jas Otan» Алматы қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов және т.б. жастарға үлгі боларлық тұлғалар табыстады.