Weekend

Сыр елінде Абайдың портреті сақталған

Қылқалам құдіретімен қауышсақ...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Уақыт өткен сайын көнеріп, ескіріп, жарамсыз жағдайға жетіп, аяқасты болып қалатын, соңында қоқыс жәшігінен орын табатын заттар бар. Тиісінше, белгілі бір дәрежедегі уақыт құндылығын теңдесіз етіп жіберетін зат та арамыздан табылады. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы – шығармашылық адамдарына ғана емес, өнерді түсінетін жұртшылық үшін де өте жайлы жер. Олай деуге себеп көп.

Бүгінгі мақаламызда сіздердің назарларыңызға тым ерекше картинаны ұсынбақпыз. Біз жоғарыда айтқандай, оның құндылығы мен маңыздылығын оқырмандар сезеді деген ойдамыз.

Сіз галереяның архивінде ұлы Абайдың суреті сақталғанын білесіз бе? Иә, кәдімгі Абайдың! Тегінде «ұлысы» бар қазақтар өте көп, ал есімінде бары Абай Құнанбайұлы ғана. Сондықтан, «ұлы Абай» дегеннен-ақ түсінікті шығар. Және біз тұлғаны оқырманға таныстырудың қажеті жоқ шығар деп таптық. Ақынды айдардың алғашқы «қонағы» етуіміздің де салмағын өзімізше бағамдап отырмыз.

- Заманының көрнекті тұлғасы, философ, ақын Абай Құнанбаев атамыздың портреттік бейнесі кенеп, майлы бояумен орындалған. Бұл – галереяның қорында сақталған ерекше туындылардың бірі. Суретші шығарманы сары, қоңыр, күлгін түстердің араласуы арқылы сол өткен заманның тыныс-тіршілігіндегі үздік тұлға екенін берген, - дейді галерея меңгерушісі Перизат Ашанова.

Алайда теңдесіз туындының авторы белгісіз көрінеді. Картинада ақынның жасы ұлғайған шағындағы бейнесі бейнеленген. Сыры мол сурет өнерінің Сырдағы туған немесе осында сақталған туындыларына әлі де кезек беретін боламыз.