Саясат
Ақымақтық дейді
Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед ибн Салман Әл Сауд өз елінде мұнай объектілеріне ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып жасалған шабуылдардың себебі - олардың ұйымдастырушыларының ақымақтығы деп санайды. Бұл туралы ол CBS атты арнасының "60 минут" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.
- Менің ойымша, бұл ақымақтық. Онда ешқандай стратегиялық мақсат жоқ еді. Тек ақымақ қана бүкіл әлемдік мұнайдың 5 пайызына шабуыл жасайды. Олардың жалғыз-ақ стратегиялық мақсаты бар: ол - ақымақтығын көрсету. Одан басқа ештеңе емес, - деді ол Иран билігін меңзей отырып.
Сауд Арабиясы да АҚШ сияқты шабуыл жасаған Иран елі деп отыр.