Weekend
Өлең
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКүйбең тірлік өмірде,
Тірнектеп жүрді де.
Қалай жастың келгенін,
Білмей қалды әжеміз.
Кеше ғана ажарлы,
Болған еді базарлы.
Бүгін міне сытынап,
Жүзі толды әжімге.
Өмір деген суретші,
Сурет салып келеді.
Жасыңа да кәріңе,
Жас жүзіңе торлатады,
Сызық-сызық өрмекті.
Өрнегі бар реңіңе,
Ретін тауып бірдеңе,
Қосып берер бетіңе.
Хас суретші майталман,
Болашақта бізге де,
Келіп бояп кетер.
Өмір сурет болғасын,
Сурет болып өтер.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61