Саясат

Бейжің Байденнің ұлы Қытайдан ақша алды деген айыпты жоққа шығарды

Трамп оны 1,5 миллиард доллар ақша алды деп айыптаған еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Гэн Шуан АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байден Қытайдан ақша алды деген Трамптың айыптауын жоққа шығарды.

- Бұл айыптаулардың бәрі өтірік, - деді дипломат дүйсенбідегі брифингте.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің сайлаудағы қарсыласының ұлы Хантер Байденді Қытайдан 1,5 миллиард доллар ақша алды деп айыптаған болатын.

Бұған дейін демократтар Трампты Өкілдер палатасында саяси сайлаушы - Байденге нұқсан келтіруге тырысып, оның беделін түсіру арқылы сайлауға араласады деп айыптаған болатын. Трамп айыптауларды жоққа шығарады.