Weekend

Тәуелсіздікке арнау

Тәуелсіздік -тірегім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан асыл болсын мұратың,

Сен дегенде қамшылаймын жыр атын.

Татулығы, халқының бірлігімен,

Амандығын тілеп жүрген мың ақын.

 

Тәуелсіздік қонған бақыт құсы ма?

Аллам оны бастан енді ұшырма.

Қарыздармыз бүгінгі азат күн үшін,

Ел қорғаған батырлардың рухына.

 

Тарих бізге ұлан асыр көш еді,

Сол көшпенен ұландарың көшеді.

Біздер бүгін ие болған азаттық,

Арманы еді Қайрат пенен Ләззатымның кешегі.

 

Елімде той! Жанарда жанып бағы,

Көк туы қыран болып қалықтады.

Жанына айырбастад(ы)азаттықты,

Біз үшін Алашымның алыптары.

 

Алға ұмтыл, көкке өрлеп жүр достарым,

Бақытқа жетелесін жыр-дастаным.

О, қазағым білесіңбе тіпті сенің,

Азаттық деп ән салады желтоқсаның.

 

27 жыл қайратты ердің жасы,

Аман болсын ел басы, елдің басы.

Бар әлемге жырыңды жеткізермін,

Жүрегімнің дүрсілін бір тыңдашы.

 

Қазақстан асыл болсын мұратың,

Сен дегенде қамшылаймын жыр атын.

Татулығы, халқының бірлігімен,

Амандығын тілеп жүрген мың ақын!!

 

Шабытының Шәкірті

Айтақынның немересі Айханым