Саясат

Саудия ханзадасы: Мұнай бағасы шарықтауы мүмкін

Жаһандық экономиканың толық коллапсын тудыруы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман «егер әлемдік көшбасшылар Иранды ұстап тұруға күш салмаса, мұнай бағасы көтерілуі мүмкін» дегенді ескертті.

- Егер әлем Иранды тежеу үшін батыл әрекет жасамаса, онда әлемдік экономикаға шығын келуі мүмкін. Мұнай жеткізілімдері азайып, мұнай бағасы біз көрмеген бағаға дейін қымбаттап кетуі мүмкін, - деді бин Салман CBS-ке берген сұхбатында.

Мұрагер ханзаданың айтуынша, Таяу Шығыс жаһандық энергиямен қамтамасыз етудің шамамен 30% -ын, жаһандық сауда дәліздерінің 20% -ын және әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 4%-ын қамтамасыз етеді.

- Бұл үш компонент жоғалып кетті деп елестетіп көріңіз. Бұл – Сауд Арабиясы мен Таяу Шығысты ғана емес, жаһандық экономиканы тоқырауға әкелетін шығын, - деп болжады бин Салман.

Өткен аптада Эр-Рияд Иранды ракеталық оқ атуды жүргізуге және Сауд Арабиясының стратегиялық мұнай нысандарына шабуыл жасау үшін дрондар қолданды деп айыптаған болатын.

АҚШ билігі бұл оқиғаның артында Иранның тұрғанын дәлелдеу үшін жер серігі түсірілімдері мен барлау деректерін ұсынды. Алайда Тегеран Сауд Арабиясы аумағында оқ атуға қатысы бар екендігін үзілді-кесілді жоққа шығарады.