Weekend
Индонезияда жазасын өтеп жатқан 36 әйел түрмеден қашып кетті
Бүгін, 30 қыркүйек күні, Индонезияның Орта Сулевес облысында жазасын өтеп жатқан 103 әйелдің 36-сы қашып кетті.
Түрмеде кеше түнде өрт болып, соны пайдаланған қылмыскерлер қашудың амалына кқшкен.
Қазір құқық қорғау органдары іздеу жұмыстарын жасап жатыр. Өрттен жапа шеккендер бар ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Ал қауіпсіздік шараларын жасамағаны үшін абақты басшылығы мен қылмыскерлеріне іс қозғалуда.