Саясат
Екі ел "Достық көпірін" салды
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында қанды қақтығыстан кейін екі апта өткен соң "Достық көпірі" салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы Asia-Plus басылым жазады.
Көпір тәжік қауымының Овчи Кальачы мен қырғыз тарапынан Интернационал ауылын біріктірді. Оның ашылуына екі елдің құқық қорғау органдарының қызметкерлері, шекарашылар, жергілікті тұрғындар мен бір-бірімен шекаралас облыстардың басшылары қатысты. Тәжік және Қырғыз тараптары ұзындығы 12 метр және ені 8 метр ғимарат құрылысына жұмсалатын шығындарды жартылай бөліп алды. Бұл аудандағы көпір бұрын да болған, бірақ 2017 жылдың қазан айында қирап қалған.
Көпірдің ашылу салтанатында жергілікті тұрғындар шекарадағы қақтығыстарды "арандатушылық" деп атай отырып, көршілермен бейбітшілікте өмір сүруге дайын екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ, Интернационал ауылының басшысы жергілікті биліктің "соңғы қақтығыстың неден басталғанын түсінбегенін" атап өтті.
Айта кетейік, 15 қыркүйекте тәжік-қырғыз шекарасындағы кезекті қақтығыс өршіп кетті. Екі жақ шекараның даулы учаскесінде құрылыс жұмыстарын бастады. Бұл әрекеттер "ұрыстан басталып, атысқа ауысқан". Тараптардың бірінің айтуынша, минометтер қолданылған қақтығыстың нәтижесінде үш тәжік әскериі және бір қырғыз шекарашысы қаза тапты. Қырғызстан мен Тәжікстан тарапынан тағы 12 және 13 адам жарақат алған.