Bugin
Бүгін Ереванда ЕАЭО-ға мүше елдер басшыларының қатысуымен ірі саяси шара өтеді
Отырысқа ЕАЭО елдері – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей президенттерінен басқа Иран, Молдова және Сингапур басшылары қатысады.
Кездесуге қатысушылар, оның ішінде Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға бір күн бұрын барды. Ресей президенті Владимир Путин 1 қазан күні таңертең Францияның экс-президенті Жак Ширакты жерлеу рәсіміне қатысқаннан кейін келеді деп болжануда.
Жабық бөлік аяқталғаннан кейін Иран, Молдова және Сингапурдің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысы басталады.
ЕЭК Алқасының төрағасы Тигран Саргсян делегациялар басшыларына Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына арналған естелік монеталарды тапсырады.
Отырыстың қорытындысы бойынша ЕАЭО мен Сингапур арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою рәсімі өтеді.
Осымен кездесу аяқталуы тиіс.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысушылардың құрметіне Армения премьер-министрі Никол Пашинянның атынан ресми түскі ас беріледі.
Кешке қарай мемлекет басшылары өз елдеріне қайтады.