Weekend

Си Цзиньпин: Қытайды ешкім тоқтата алмайды

Ұлы елдің іргетасын бұзатын бірде-бір күш жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай республикасы 1949 жылы 1 қазанда құрылып, биыл 70 жылдық мерейтойын атап өтуде.

ҚХР құрылғанының 70 жылдығына арналған салтанатты шарада елдің бас алаңында сөйлеген Си Цзиньпин әлемдегі бірде-бір күш қытай ұлтының дамуын тоқтата алмайтындығын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

- Осы ұлы елдің іргетасын бұзатын бірде-бір күш жоқ. Ешбір күш қытай ұлтының алға ұмтылуына кедергі бола алмайды, - деді Си Цзиньпин Тяньаньмэнь алаңында әскери шеру басталар алдында сөйлеген сөзінде.

Ол 70 жыл ішінде қытай халқы өзінің күш-жігері мен күресуінің арқасында әлемді таң қалдырған жетістіктерге қол жеткізгендігін айтты.

ҚХР Төрағасы Қытайдың бейбіт даму жолын ұстанатынын және ашықтық саясатын жалғастыратындығын, сонымен бірге Си Цзиньпин Қытай армиясы мен қарулы полиция егемендікті, қауіпсіздік пен елдің даму мүдделерін батыл қорғайтындығына тоқталып өтті.

- Біз барлық елдермен біртұтас тағдыры бар қоғам құру үшін жұмыс істеуді жалғастырамыз, - деді ол.