Саясат

Перуда парламент таратылды

Сенім мәселесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Перу президенті Мартин Альберто Вискарра Корнехо өзінің Facebook-тегі парақшасында ел халқына үндеу жариялады, онда ол ұлттық парламенттің таратылатынын мәлімдеді.

- Мен Конгрессті конституцияға сәйкес таратып, сайлауды тағайындау туралы шешім қабылдадым. Бұл төтенше шара азаматтарға сайлауға қатысып, дауыс беру арқылы өз позициясын білдіруге және елдің болашағын анықтауға мүмкіндік береді, - деді ол.

Дүйсенбі күні Перу Министрлер Кеңесінің төрағасы Сальвадор дель Солар Конституциялық сот мүшелерін таңдау бойынша атқарушы билік пен заң шығарушы орган арасындағы келіспеушіліктерге байланысты Үкіметке сенім мәселесін Парламенттің қарауына шығарды.

Осыдан кейін парламентшілер Конституциялық сот мүшелігіне бірінші кандидатты мақұлдады. Вискарра бұған дейін егер Конгресс КС мүшелерін сайлау туралы дауыс берсе, сенім туралы шешім қабылданғанға дейін Конгрестен шығарылатынын ескерткен болатын.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61