Саясат

Үндістан: Кімнен не сатып алатынымызды өзіміз білеміз, АҚШ араласпасын!

2018 жылы АҚШ Үндістанның Ресейден С-400 кешенін сатып алу бойынша ірі мәміле жасасудан бас тартуын талап еткен еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Әлемдегі бірде-бір мемлекет, соның ішінде АҚШ, Үндістанға Ресейден әскери техниканы сатып ала ма, жоқ па, соны айтуға құқылы емес» деді Оңтүстік Азия Республикалары бойынша Сыртқы істер министрі Субраманиам Джейшанкар, деп хабарлайды ТАСС хабарлайды.

- Бізге қандай мемлекет болсын, Ресейден нені сатып алып, ал нені сатып алмау қажеттігін атйып, талап қойып отыруын қаламаймыз. Сондықтан АҚШ та бұған араласпасын, - деді министр Вашингтонда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесу алдында журналистерге берген сұқбатында.

Үндістанның сыртқы істер министрі әскери техниканы сатып алу, сондай-ақ оны жеткізушілерді таңдау мәселелері әрқашан өз елінің «егеменді құқығы» болып қала беретіндігін атап өтті. 

- Бұл біздің таңдауымыздың еркіндігі болып табылады және біз барлығының мүддесінде мұны мойындайтын болады деп есептейміз, - деп толықтырды министр.

2018 жылдың қазан айының басында Ресей мен Үндістан С-400 кешендерін жеткізуге келісімшарт жасаған болатын. Жаңа зениттік зымыран жүйесінің бес полкін Нью-Делиг 5,43 миллиард долларға сатып алды.

Нью-Делиді Оңтүстік Азиядағы басты серіктес ретінде қарастыратын Вашингтон Үндістанның Ресеймен қорғаныс келісімін жүзеге асыруын бірнеше рет сынға алды. 2018 жылы АҚШ Үндістанның Ресейден С-400 сатып алу бойынша ірі мәміле жасасудан бас тартуын талап еткен еді.

Нью-Делидің Мәскеумен ұзақ жылдар бойғы ынтымақтастығын мойындай отырып, Америка Құрама Штаттары оның үнді серіктестеріне қарсы санкциялар салуы мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ. Үндістан басшылығы, өз кезегінде, біржақты шектеуді заңсыз деп санайтынын бірнеше рет атап өтті.