Bugin

Си Цзиньпин Қытайдың дамуын тоқтата алмайтынын мәлімдеді

Не үшін?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай төрағасы Си Цзиньпин әлемдегі бірде-бір күш қытай ұлтының дамуын тоқтата алмайды деп мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

- Бұл ұлы елдің негізін бұзатын бірде-бір күш жоқ. Ешбір күш қытай ұлтының алға жылжуына кедергі бола алмайды, - деп атап өтті Қытай басшысы республиканың бас алаңында республиканың құрылғанына 70 жыл толуына арналған салтанатты шарада сөйлеген сөзінде.

Си Цзиньпиннің айтуынша, Қытай бейбіт даму жолымен жүре береді және ашықтық саясатын қолданады. Сонымен бірге ол елдің әскері, сонымен қатар құқық қорғау органдары ҚХР егемендігін, қауіпсіздігі мен мүдделерін батыл қорғайтынын айтты.

1 қазанда Қытай басшысы Гонконг пен Макао әкімшілік аудандарында жоғары дәрежеде автономия сақталады деп уәде берді.

9 маусымнан бастап Гонконгта үкіметке қарсы демонстрациялар өтті. Демонстранттар Қытай билігіне қарсы шыққандарды Гонконг үкіметінің ұстап беруіне назарылық білдіріп, кейін арал әкімшілігі көтеріліске шыққандардың талабын орындап, экстрадациялау туралы заңға өзгерістер енгізген еді.