Саясат
АҚШ Қытайға қарсы тұра ала ма?
Ресейдің саяси қайраткері, Таяу Шығыс пен Орталық Азияны зерттеу орталығының директоры Семен Багдасаров Sputnik Тәжікстанға сұхбат беру кезінде Орталық Азияға жасап жатқан Қытайдың басқыншылығын сөз етіп, алаңдаушылық білдірді.
Саясаттанушының айтуынша, Қытайдың Орталық Азиядағы билігі мен қауқары АҚШ-ты шаң қаптырып кетеді.
- АҚШ Қытайға қарсы қуатын арттыру үшін Орталық Азияны бақылауға алғысы келеді. Алайда АҚШ Қытайдың Орталық Азияға құйып жатқанындай қаржыны осы аймақ үшін жұмсауға дайын ба әлде жоқ па – мәселе сонда. Қытайдың алпауыттығына таңқалмасқа болмайды. Шынын айтсақ, қазір Қытай Орталық Азияның жартысын бақылауда ұстап отыр, - дейді Багдасаров.
Сөз барысында сарапшы маман Қытайдың Тәжікстан мен Таулы Бадахшан маңында алғаш рет әскери жаттығу өткізуінің өзі бекер емес екендігін атап өтті.
- Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан арқылы өтетін «Бір белдеу – бір жол» жобасы, айтылғанда жағымды естілгенімен, шын мәнінде Қытайдың Орталық Азияға жақындауының айқын үлгісі, - дейді саясаттанушы.
Оқи отырыңыздар:
Тоқаевтың Қытайға сапары мен Назарбаев құрған қаржы орталығының Қытай үшін маңызы қандай?