Редактор бағаны
Жазыңыз, жинаңыз, ақысын алыңыз!
Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы – елдегі және Орта Азиядағы bugin индексі арқылы ақы төлейтін тұңғыш медиа платформа.
2018 жылдың қазан айында өз жұмысын ресми түрде бастаған платформаға бүгін 1 жыл толды.
Buginnen basta: 1 жыл
1 жыл ішінде
Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасында2000-ға жуық тәуелсіз автор бар. Тұрақты түрде күніне сайтқа түрлі тақырыпта 45-60 мақала келеді. Авторлар арасында журналист, блогер, ақын, жазушы, ғалымдар да бар.
Сайтқа күніне орташа есеппен 11 000- 13 000 адам тұрақты түрде кіреді және күнделікті жаңалықтармен таныс болады.
Сайт 1 жылға жетпейтін уақыта ішінде рейтинг кестесінде ондыққа кіріп, қазір тұрақты түрде алдыңғы 30 сайт ішінде бой көрсетіп жүр.
Платформа құрылымы
Сайтта бірнеше айдар бар:
- Саясат
- Финанс
- Woman (Әйелдер бөлімі)
- Weekend (Танымдық мақалаға арналған бөлім)
- Sport
- Алаш Орда
- Hi-Tech (Технология бөлімі)
- Health (Денсаулық бөлімі)
- Travel
- Түркі әлемі және Limon.kz компаниясымен біріккен арнайы «Кеттік, Bugin» бөлімі бар.
Моибльді қосымша
Сайттың IOS және Android жүйесіне арналған мобильді қосымшасы да іске қосылды.
Авторлар мен оқырман үшін барынша ыңғайлы әрі жеңіл жасалған қосымша арқылы, мақаланы смартфонмен де жүктеуге болады: https://bugin.kz/ru/6911-buginkz-mobildi-qosymshasy-kez-kelgen-dgerden-dganhalyq-oqy-dgane-usyn!
Әлеуметтік желідеміз
1 жыл ішінде әлеуметтік желілер арқылы оқырмандармен және авторлармен жұмыс жасау арқылы төмендегі нәтижеге қол жеткіздік:
Facebook әлеуметтік желісінде 70 000-ға жуық оқырман бар.
Instagram әлеуметтік желісіндегі «Buginnen basta» парақшасында 12 000-ға жуық жазылушы бар.
Сонымен қатар, Телеграм желісінде де жұмыс жасаймыз.
150 000 b. жинаған қос автор
Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасының жұмыс жасау жүйесіне сай, 2-3 ай ішінде автор ретінде тіркеліп, 150 000 b. (bugin) жинаған қос автор Асхат пен Мирас 135 000 теңгесін алды. Авторлар туралы арнайы мақала жарық көрді.
Buginnen basta:Ақша тапқан алғашқы автор
135 000 теңге:Екінші тәуелсіз автор өз ақшасын алды
"Bugin.kz" жайдарман тобы
Жайдарман ойындарында топ жарып жүрген бұрынғы "Зертас" командасы, қазір біздің платформаның атынан шығып, атауын "Bugin.kz" деп өзгертті.