Спорт
Бокс
Соңғы жекпе-жекте отандасымыз Сауль Альварестен жеңіліп, чемпиондық белбеулерінен айырылған болатын.
Орта салмақ деңгейінде алдыңғы əлем чемпионы Генадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, 36 жасар Қазақстандық боксшы өз салмағы бойынша профессионал рингте тағы 5-6 жекпе-жек өткізуі мүмкін екен.
Бапкер сонымен қатар, Головкин тез арада телеканал таңдау барысында да бір шешімге келетінін жеткізді.
– Орта салмақта қалама əлде үшінші орта салмаққа ауысама оны уақыт көрсетеді – деді Санчес ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында. – Ол тағы 2 немесе 3 жыл рингке шығуы мүмкін. Маңыздысы ол алдыңғыдай жатығу жасай беру керек. Егер дəл солай болса, меніңше 5-6 кездесуде жеңіп шығады.