Саясат
Импичменттің қанша уақытты алатындығы белгісіз
АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасы ережелерге бағынады және егер Төменгі палата Дональд Трампты ел президенті қызметінен шеттету үшін айыптау қорытындысын бекітсе, тыңдалым өткізіледі. Бұл туралы дүйсенбі күні CNBC телеарнасының эфирінде Сенаттағы республикалық көпшіліктің көшбасшысы Митч Макконнелл (Кентукки штатынан) мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС.
- Менде мұны [қараудан] қабылдаудан басқа амал қалмады, - деп мойындады Макконнелл. - Бұл қанша уақытты алатындығы, енді бұл басқа мәселе. Алайда сенаттың импичмент ережесі негізінде әрекет етуден басқа амалым қалмайды.
Демократтардың айтуынша, Трамп шілдеде телефонмен сөйлесуі кезінде Украина жетекшісі Владимир Зеленскийді Киев қаржылық және әскери көмек алу үшін Украинадағы АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джозеф Байденнің ісіне қатысты тергеуді бастауға көндіруге тырысқан.
Демократ Байден қазір 2020 жылдың қараша айында өтетін президенттік сайлауда Трамптың ең ықтимал бәсекелесі болып табылады. Сондықтан, демократтардың пікірінше, Трамп, Зеленскийге қысым көрсете отырып, Киевтің көмегімен екінші мерзімге қайта шығуға ұмтылуда.